Жыл басынан бері теміржол арқылы экспорт көлемі 6 пайызға өсті

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Жүк тасымалының жалпы көлемінде экспорт 35%-дан асады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биылғы бірінші тоқсанда «Қазақстан темір жолы» компаниясы желісімен жүктерді экспортқа тасымалдау 22,9 млн тоннаға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомствоның мәліметіне қарағанда, бұл өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 6%-ға көп. Жүк тасымалдарының жалпы көлемінде экспорт 35%-дан асады. 

«Экспорт сегментінде тас көмір басты орынға ие. 2022 жылдың бірінші тоқсанында 8,9 млн тонна қатты отын шетелге жөнелтілсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға жоғары. Астық экспорты  30 %, яғни 2,2 млн тоннаға дейін өсті», – деп жазды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. 

Теміржол арқылы экспортқа жөнелтілетін мұнай өнімдерінің көлемі 1,1 млн тонна, қара металдар 1,2 млн тонна, темір кені 3 млн тонна болды. 

«Қазақстандық өнімнің ірі импорттаушылары – Ресей, Қытай және Орталық Азия елдері. Атап айтқанда, қазақстандық көмір Ресейге, Өзбекстанға, Үндістанға, Грузияға, Швейцарияға, Польшаға, Кипрге, Түркияға және басқа да елдерге жеткізіледі. Ал астық Өзбекстан, Иран, Ауғанстан, ҚХР, Тәжікстан, Түркия, Бельгия, Италия, Ұлыбритания және т.б. мемлекеттерге экспортталады», – делінген хабарламада.

Новости партнеров