|
14.08.2023 | 12:51
4793

Қазақстанда алғаш рет банан өсіріле бастады

Экзотикалық жемістерден басқа, жылыжайда қызанақ пен құлпынай өсіріледі

Қазақстанда алғаш рет банан өсіріле бастады fikiwiki.com

Түркістан облысында өнеркәсіптік көлемде банан өндіріле бастайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Түріктің Gengroup Qazaqstan компаниясы өңірде банан отырғызылған 5,3 га жылыжай кешенін салды. Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген бананның сорты арнайы өсірілді.

Жақын арада жылыжай тағы 5 гектарға кеңейтіледі, бұл жылына шамамен 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік береді. Алғашқы өнімді 6-8 айдан кейін жинау жоспарланып отыр. Экзотикалық жемістерден басқа, жылыжайда қызанақ пен құлпынай өсіріледі.

Жобаның құны бірінші кезеңде 4 миллион АҚШ долларды құрайды. Түрік компаниясы құрылыс кезінде  жоғары беріктігі бар құрылымдарды пайдаланды, жылыжайлар климаттық бақылаумен және бейімделгіш қоректендіру жүйесімен жабдықталған, бұл өсімдіктердің генетикалық әлеуетін тіпті қолайсыз ауа райында да толық ашуға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: АҚШ-та авиашоу кезінде ұшақ құлады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир