Елімізде заңсыз сақталған мыңнан астам қару тапсырылды

egemen.kz
egemen.kz
ІІМ ақпарына сай, аталған акция 10 өңір мен 3 қалада тоқтатылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алу науқаны аясында мемлекет 84 милион теңге жаратты. Халықтан 18 мыңнан астам оқ-дәрілер алынған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ел тұрғындары 1 мың 200-ге жуық қаруды ерікті түрде тапсырған. ІІМ ақпарына сай, аталған акция 10 өңір мен 3 қалада тоқтатылған. Түркістан облысы қаруды ерікті түрде тапсыруда көш бастап тұр. Одан кейінгі тізімді Жамбыл және Қызылорда облысы бар.

– Заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын ерікті түрде өтемақыға тапсыруға ниет білдірген азамат, егер оның әрекеттерiнде өзге құқық бұзушылық құрамы болмаса қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын айта кету жөн, – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау басқармасының бастығы Асылбек Ыдырысов.

Өз еркімен тапсырғандарға төленетін төлемдер қару-жарақ мөлшеріне, түріне, техникалық жай-күйіне байланысты әр бірлігі үшін 34 мыңнан 345 мыңға дейінгі аралықта болады екен. Сыйақы көлемін әр облыстық, қалалық және аудандық полиция органдарында құрылатын комиссия белгілейді.

– Криминалист-маманның қорытындысы негізінде атыс қаруы, оқ-дәрі немесе жарылғыш зат ретінде танылмаған, ІІМ базасында «Тіркелген қару» және «Криминалдық қару» есебінде тұрған қару-жарақтарға, қолдан жасалған, сондай-ақ тегіс ұңғылы, газды және жарақат салатын патрондарға сыйақы төленбейді, – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау басқармасының бастығы Асылбек Ыдырысов.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда алғаш рет банан өсіріле бастады

Новости партнеров