Экономикамыз санкциялық сын-тегеуріндерді тойтаруға дайын болуы тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Мен Қауіпсіздік кеңесінде бірқатар жұмыс жиналысын өткіздім. Үкімет алдына санкциялық теке-тірестің қатты ушығуы жағдайында елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар жүктедім. Дағдарысты жағдайда үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін экономикамыз санкциялық сын-тегеуіріндерді тойтаруға дайын болуы тиіс. Меніңше, бәріміз бірге келешек сын-тегеуіріндер мен қиындықтарды еңсеретін боламыз. Олардың күрделі екенін елемеуге болмайды. Бірақ асыра сілтеудің де қажет жоқ», - деді Мемлекет басшысы «AMANAT» партиясының кезектен тыс съезінде.