GOOGLE салығы: Қазақстан бюджетіне 6,1 миллиард теңге түскен

stan.kz
stan.kz
Ең ірі салық сомаларын Ирландияның резиденттері төлейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл интернет арқылы қызмет көрсететін шетелдік компаниялар Қазақстан бюджетіне 6,1 миллиард теңге төлеген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салықтың бұл түрі – GOOGLE салығы деп аталады.  Apple, Meta, Google, Ebay, Amazon және басқа да көптеген әлемдік компаниялар қазір қазақстандықтарға онлайн қызмет көрсетіп отыр. Кірістер комитетінің мамандары ең ірі салық сомаларын Ирландияның резиденттері төлейді дейді.  

«Бүгінгі таңда 37 осындай ірі әлемдік алпауыт компания мемлекеттік кірістер комитетінде шартты тіркеуге тұрған. Ол үшін олар небәрі осы мемлекеттік кірістер комитетіне хат жолдайды. Осы хатты алғаннан кейін шартты тіркеуге аламыз», – деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Сартаева.

Новости партнеров