38 миллиард теңге қажет: сенат бюджет туралы заң жобасын мәжіліске кері қайтарды

38 миллиард теңге қажет: сенат бюджет туралы заң жобасын мәжіліске кері қайтарды
Астана атауын өзгертуге, Елбасы кеңсесі мен жалақысы төмен жұмыскерлердің айлығын өсіру мерзімін ауыстыруға 38 миллиард теңге қажет
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сенат мәжіліс мақұлдаған үш жылдық республикалық бюджет туралы заң жобасын тиісті түзетулермен төменгі палатаға кері қайтарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сенаттың қаржы және бюджет комитетінің қорытындысында өткен айда парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданған маңызды шешімдерге 38 миллиард теңге қажет екені айтылған.

Бұл ақша астана атауын Нұр-Сұлтан қаласы деп өзгерту, жаңа мемлекеттік орган – Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы кеңсесін құру, бюджет саласының жалақысы төмен жұмыскерлерінің және атқарушы органдардың санаттары төмен мемлекеттік қызметшілерінің жалақысын арттыру мерзімін осы жылдың 1 шілдесінен 1 маусымына ауыстыру үшін қажет.

«Қаражатты республикалық бюджет тапшылығының есебінен оның номиналды мәнін ұлғайта отырып және ЖІӨ-ге қатысты мөлшерін 2,1% деңгейінде сақтай отырып қарастыру ұсынылады», - делінген қорытындыда.

Сондай-ақ, 2019 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары 1 168 миллиард теңгеге ұлғайтыла отырып, 11 895,1 миллиард теңге шамасында қарастырылған. Республикалық бюджет тапшылығы 1 326,6 миллиард теңгені немесе ЖІӨ-ге шаққанда 2,1%-ті құраған.


Новости партнеров