|
01.04.2020 | 13:38
1339

ТЖ: Бизнес өкілдерінің 75 пайызы қызметкерлерін амалсыз демалысқа жіберді

Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палата басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов айтты

ТЖ: Бизнес өкілдерінің 75 пайызы қызметкерлерін амалсыз демалысқа жіберді ©Liter.kz/Айтжан Мурзанов

Бизнес өкілдерінің 75 пайызы жұмыс істетейтін адамдарды  ұстап қалу үшін қызметкерлерін амалсыз демалысқа жіберді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палата басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов айтты. Сонымен бірге, Мемлекет басшысының қабылдаған шаралары көңілінен шыққанын айтады. Әсіресе, жұмыссыз қалғандарға өтемақы төлеу мүмкіндігі кеңейтілгені ерекше қуантты дейді. Өйткені бұл санатқа енетіндердің басым бөлігі шағын және орта бизнесте нәпақасын тауып жүргендер.

«Мемлекет басшысы осыны кеңірек қолданып, тек қана формальды, яғни штатта, төлемі бар, заңды түрде жұмыс істейтін кәсіпкерлер мен олардың жұмыскерлерін ғана емес, соның ішінде өзін-өзі асырайтын, ешқандай төлемсіз жұмыс жасайтын 1 млиллионнан астам азаматтарымыздың қиын жағдайда қалғаны ескерілді. Айта кетсек, олар үлкен қалаларда базарларда немесе өзінің жеке көлігімен такси болып жұмыс жасайды», – деді  «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай МЫРЗАХМЕТОВ.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир