|
20.01.2021 | 13:43
5688

Елімізде ет өнімдері неге қымбаттап кетті

Сиыр еті 8%-ға, келісіне 1947,4 теңгеге қымбаттады

Елімізде ет өнімдері неге қымбаттап кетті  finkeshof.de

Қазақстанда ет өнімдерін тұтыну жылына 7%-ға артқан. Орташа есеппен бір қазақстандық азамат 21 келі ет жеген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

2020 жылдың үшінші тоқсанында әр қазақстандық орташа есеппен 21,3 келі ет және ет өнімін тұтынған. Бұл 2020 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 1 келіге артық, ал 2019 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырсақ 1,4 келіге көп. 

2020 жылдың үшінші тоқсанында ет пен ет өнімдерінің барлық түрін тұтыну артқан. Әр қазақстандық сиыр етін (5,7 кг, − 0,2 кг), ет турамасын (2,4 кг, + 0,2 кг) және қой етін (1,9 кг, + 0,2 кг) көбірек сатып алған. 

Етті пайдалану Қазақстанның барлық өңірінде артты. Етті ең қатты жақсы көретін Қарағанды облысының тұрғындары болып шықты, онда әр тұрғын орташа есеппен 26,8 келі ет жеген. Одан кейінгі орындарда Ақмола облысы (25,4 кг) мен Алматы (25,2 кг) тұр. 

Етті тұтыну 2020 жылдың үшінші тоқсанында Қарағанды облысы (+3,3 кг), Нұр-Сұлтан (+2,7 кг) және Жамбыл облысында (+2,3 кг) артқан. 

Етке сұраныс көбейгендіктен елде ет бағасы да айтарлықтай өскен. Ет пен ет өнімдерінің барлық түрі қымбаттады. Ал тауық еті керісінше жылына 5%-ға, келісіне 789 теңгеге дейін арзандаған. 

Жыл ішінде ең қатты қымбаттаған қой еті екен: бірден 16,2%-ға, келісіне 1990,3 теңгеге дейін. Жылқы етінің де бағасы өскені байқалады: 11,9%-ға, келісіне 2271,8 теңгеге. Қазақстандықтар арасында танымал сиыр еті 8%-ға, келісіне 1947,4 теңгеге қымбаттады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир