Елбасы «G-global диалогы - Үлкен Еуразия» платформасын құруды ұсынды

Елбасы «G-global диалогы - Үлкен Еуразия» платформасын құруды ұсынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  «G-global диалогы - Үлкен Еуразия» платформасын құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан түрлі мәселелер бойынша келіссөздер процесін өткізу үшін тиімді алаң бола білді. Жас болғанына қарамастан, еліміздің астанасы ЕҚЫҰ саммитін өткізді, мұнда Ислам ынтымақтастық ұйымының саммиті, Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының саммиті өтті. Астана экономикалық форумы мен менің G-global бастамам да осындай диалогтардың алаңына айналып, астанамыз түрлі елдер мен көшбасшыларының кездесу орны бола алады», - деп атап өтті Елбасы елордада XII Астана экономикалық форумында.

Ол Астана экономикалық форумы аясында «G-global диалогы - Үлкен Еуразия» бөлек алаңын құруды ұсынды.

«Мұнда бизнес пен ұлттық органдардың, ЕО, ЕЭО, ШЫҰ, АСЕАН сынды интеграциялық бірлестіктердің өкілдері әзірге көшбасшылар мен саясаткерлер айта алмай отырған ынтымақтастық мәселелерін талқылай алады. Тараптар арасындағы араздық тиімді экономикалық өзара әрекеттестікке кедергі келтіреді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетсек, елордада XII Астана экономикалық форумы «Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар» тақырыбында өтіп жатыр. Форум жұмысына әлемнің 74 елінен сарапшылар, саясаткерлер, бизнесмендер мен ғалымдар қатысуда. Форумға қатысатын шетелдік қонақтар қатарында Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Хань Чжэн, Армения Республикасының Президенті Армен Саркисян, Nokia Corporation директорлар кеңесінің төрағасы Ристо Сииласмаа, экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Пол Гомер сынды танымал тұлғалар бар.


Новости партнеров