Қазақстанда шаштараздар екі күнде 52,3 млн теңге табыс тапқан

Алихан Сариев
Алихан Сариев
4 мамырдан бастап шаштараздар мен барлық дүкендер жұмысын бастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандағы шаштараздар екі күннің ішінде 52,3 млн теңге табыс тапқан, деп хабарлайды Almaty.tv Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

«Қызметті қалпына келтірілгеннен кейінгі тек екі күннің нәтижелері бойынша елдегі шаштараз қызметі саласындағы айналым 52,3 млн теңгені құрап, 15 мыңнан астам чек берілді. Бір чектегі орташа табыс 3,5 мың теңгені құрады. 2 күндегі 1,7 млн теңге сомасындағы ең көп кірісті Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкері көрсетті. Екінші орында - табысы 1,4 миллион теңгені құраған Алматы қаласының кәсіпкері, ал үшінші орында - Шымкент қаласының кәсіпкері, оның екі күндегі табысы 1,3 миллион теңгені құрады» - делінген хабарламада.

Жақын арада Комитет жыл сайынғы «Чекті талап ет – жүлде ұтып ал!» акциясын бастайды, онда жіберілген чектері үшін акцияға қатысушылар ұялы телефонының теңгеріміне бірден ақша алуына мүмкіндігі бар. Егер чек берілмесе, акцияға қатысушылар мобильді қосымша арқылы тиісті шағымды жібере алады, егер шағым расталса, ұялы телефонның теңгеріміне кепілдендірілген ақшаны ала алады.

Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді әрбір сатып алу кезінде чектерді талап ете отырып, азаматтық белсенділік танытуға шақырады.

Айта кетсек, елде енгізілген Төтенше жағдайдан кейін 4 мамырдан бастап шаштараздар мен барлық дүкендер жұмысын бастады. Сондай-ақ, елімізде шаш қию бағасы біршама қымбаттаған.

Новости партнеров