|
28.08.2023 | 14:14
310

Қытай Қазақстаннан неше тонна астық сатып ала алады

Бидай нарығында Орталық Азия елдеріне сұраныс артқан

Қытай Қазақстаннан неше тонна астық сатып ала алады Ашық дерек көзінен

Қытай Қазақстаннан 3,5 млн тоннаға дейін астық сатып ала алады. Бұл туралы «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Самат Тенбаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстанның аспан асты еліне астық экспорты ұлғаяды. Бидай нарығында Орталық Азия елдеріне сұраныс артқан. Қытай нарығын ашу бағытындағы жұмыс жолға қойылған. Тек инфрақұрылым мен өткізу мүмкіндігі қолбайлап отыр. Биыл аспан асты еліне шамамен 500 мың тонна астық жөнелтілген. Алдағы меже - 1 млн тоннаға жеткізу.

– Алты айда шамамен 500 мың тонна өнім жіберілді. Бұл тек «Азық-түлік корпорациясы» ғана емес, онда әлемдік нарықтың барлық қатысушысы бар. Алдағы мақсат – бидайды 1 млн тоннаға дейін жеткізу. Бізден олар 3,5 млн тоннаға дейін ала алады. Біз Орталық Азия елдеріндегі дәстүрлі нарық үшін күресуіміз керек, – деді  «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары Самат Тенбаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық оқушылар бұрынғы оқу мерзіміне қайта оралады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир