|
21.09.2023 | 14:21
648

Елімізде монополист компания мұнайды 30 есе жоғары тарифпен тасымалдаған

Әлихан Смайылов жауаптыларға белгіленген бағаның негізділігіне талдау жасауды тапсырды

Елімізде монополист компания мұнайды 30 есе жоғары тарифпен тасымалдаған Almaty.tv

Елімізде монополист компания мұнай тасымалдауға тарифті 30 есе жоғары белгілеген. Бұл туралы Премьер-министрдің төрағалығымен өткен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеңесте кен орындарының бірінен шикізат өңдеу үшін битум зауытына жіберілетін жеке компанияның қызметі қаралды. Мекеме ел бойынша қара алтынды баламалы жолмен жеткізетін жалғыз кәсіпорын саналады. Компания өзінің монополиялық жағдайын асыра қолданған. Бұл ретте Әлихан Смайылов жауаптыларға белгіленген бағаның негізділігіне талдау жасауды тапсырды. Ұлттық экономика министрлігіне табиғи монополияларды реттеу комитеті арқылы қажетті іс-шаралар қабылдау қажет екенін айтты.

– Отырысқа қатысушылар мұнай өндіру мен тасымалдау, Денсаулық сақтау және теміржол инфрақұрылымын пайдалану салаларында монополияға қарсы іс-шараны қабылдау мәселесін талқылады. Талқылау қорытындысына сәйкес, уәкілетті мемлекеттік органдарға белгіленген бағалардың негізділігін талдау және қажетті іс-шара қабылдау тапсырылды, – деді ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы Динара Әлімова.  

Оқи отырыңызы: Ұлттық қордан балаларға төлем жасау туралы заң мақұлданды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир