|
21.09.2023 | 14:29
424

Оңтүстік Кореяда қазақстандық 18-қабаттан құлап кетті

Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады

Оңтүстік Кореяда қазақстандық 18-қабаттан құлап кетті freepik.com

Оңтүстік Кореяда 18-қабаттағы пәтердің төбесін бояғалы жатқан қазақстандық ер адам жерге құлап кетіп көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«21 қыркүйек таңғы сағат 8:25-те Кимхэ қаласындағы Канто-Донгтағы пәтерді бояу жұмыстарына дайындалу үшін қорғаныс жолағын орнатқан Қазақстан азаматы 18-қабаттан жерге құлады. Жазатайым оқиғадан кейін қазақстандық ауруханаға жеткізілді, алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады», - деп хабарлады idomin.com жергілікті полицияға сілтеме жасап.

Сондай-ақ жергілікті басылым бұл кәсіпорынның мұндай оқиға үшін заң аясында жазаланбайтынын атап өтті, өйткені онда жұмыс істейтіндер саны 50-ге де жетпейді.

Полицияның мәліметінше, қазақстандық ер адам Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген. Ол елге туристік визамен кірген.

Сонымен бірге, жергілікті полиция бұл жазатайым оқиғаны егжей-тегжейлі зерттейтінін, әсіресе жабдықтың тозуы мен компания басшылығының қауіпсіздік ережелерін сақтауын тексеретінін мәлімдеген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир