Қазақстандықтар қаңтар айында 346 млрд теңге несие алған
Almaty.tv
Алматы тұрғындары 472 миллион теңге несиені шетел валютасымен алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Оның 320 млрд теңгесі ұзақ мерзімді несие болса, 25 млрд теңгесі қысқа мерзімге арналған. Бұл туралы ұлттық банк сайтында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Биылғы тұтынушылық несиенің 131 млрд теңгесі Алматыда, 30 млрд теңгесі Нұр-Сұлтанда, 24 млрд теңгесі Шымкентте, 20 млрд теңге Қарағанды облысында берілген. Сонымен бірге, шетел валютасы түрінде берілген қысқа мерзімді тұтынушылық несиелер тек Алматыға тиесілі екен. Қала тұрғындары 472 миллион теңге несиені шетел валютасымен алған. Сондай-ақ, Алматы облысының азаматтары 17 миллион теңгеге, Солтүстік Қазақстан облысы 15 миллион теңге және Ақмола облысының тұрғындары 11 миллион теңге өзге валютамен несие рәсімдеген.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33