|
24.06.2019 | 14:36
7300

Бердібек Сапарбаев кадрлық болжам туралы айтты

На такое повышение в республиканском бюджете предусмотрено 144,3 миллиарда тенге

Бердібек Сапарбаев кадрлық болжам туралы айтты kapital.kz

Қазақстанда еңбек нарығын жаңғырту және жаңа өзгерістерге дайындау жүргізілуде. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев бұл бағытта қандай жұмыс атқарылып жатқанын айтты.

«Қазақстанда еңбек нарығын жаңғырту және жаңа өзгерістерге дайындау жүргізілуде.Осылайша, кадрларға қажеттілікті болжаудың үш деңгейлі ұлттық жүйесі енгізіледі: қысқа мерзімді кезең (1 жыл), орта мерзімді кезең (5 жыл), ұзақ мерзімді кезең (2050 жыл). Бұл бізге бүгін және 5-10 жылдан кейін қандай және қанша маман қажет екенін түсінуге, сондай-ақ еңбек ресурстары ағынының бағыттары мен шарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Нәтижелері орта және жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру кезінде, қысқа мерзімді және қайта даярлауды ұйымдастыру кезінде қолданылатын болады», - дейді Б.Сапарбаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда 106 кәсіби стандарт әзірленген.  Соған сәйкес, жұмыс берушілердің және қызметкерлердің білімі мен  құзыреттеріне қойылатын талаптары көрсетілген.

«Биылғы жылы 12 басым сала бойынша 480 кәсіби стандарт пен 38 салалық біліктілік шеңберін әзірлеу және қабылдау жоспарлануда. Кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламалары жаңартылады. Салалық жұмыс берушілерді кәсіптік стандарттар әзірлеуге тарту үшін 2019 жылы жобалық топ құрылды. Оған салалық министрліктердің басшылары кіреді. Министрлік біліктілік жүйесін одан әрі дамыту үшін халықаралық сарапшыларды тарта отырып, ұлттыш біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі 2025 жылға дейінгі жол картасын әзірлеп жатыр.Ол екінші жартыжылдықта қабылданады», - дейді министр.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир