Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан жеңілдікте кәсіпкерлерді тексеруге де тыйым салынған. Бұл бастама кәсіп иелеріне нақты қандай мүмкіндіктер беріп отыр? Алматыда салық комитетінің және қалалық мемлекеттік кірістер департаменті өкілдеріннің қатысуымен өткен семинарда қандай жаңашылдықтар айтылды? Кәсіпкерлердің өздеріне нені білулері тиіс? Бұл туралы Almaty.tv тілшісі Қуан Нұрақын айтып берсін.
Кәсіпкер Жанна Дүйсембаева біраз жылдан бері заңгерлік кеңеспен айналысып келеді. Биыл салық кодексіне енген өзгерістер кәсіпкерді қуантып отыр. Себебі, салыққа төлейтін қаржыны бизнеске салып, ісін алға жылжытып алуға үлкен мүмкіндік дейді.
«Бұл жеңілдік кішігірім бизнеске аяққа тұрып, қаражат жинап, бизнесімізді көтеруге мүмкіндік береді», – деді кәсіпкер Жанна ДҮЙСЕМБАЕВА.
Семинарда салық жүйесіне енгізілген бірқатар өзгерістер сөз болды. Салық төлеушілерге мараторийдің негізігі критерийлері түсіндірілді. Тек арнайы салық режимін қолданатындар, яғни патент, оңайтылған декларация, шағын және микро бизнесі бар тұлғалар ғана салықтан босатылады. Ал, міндетті әлеуметтік төлемдер жалғаса бермек.
«Олар есептерін бұрын қалай тапсырса, солай тапсыра береді. Бірақ әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы салымдарын міндетті түрде төлеп отыру керек. Есепті егер оңайлатылған декларация болса, алты айда бір рет тапсырып отырады. Патент бір жылға, бір айға бір айдан кем емес болу керек», – деді қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Айжан БЕКЕЕВА.
Бұл мараторий кәсіпкерлерге еркіндік беру деген сөз емес. Белгіленген санитарлық нормаларды және ережелерді бұзған жағдайда, компаниялар жабылып, олардың иелері жауапқа тартылады. Ал, салық заңнамасына енген жаңашылқтырады толығырақ білу үшін 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып жауап алсаңыз болады.
Қуан Нұрақын Рашид Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы