Елімізде ет бағасы қымбаттады

fainaidea.com
fainaidea.com
Қой мен құс еті 15,7%-ға өсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда бір жылда ет пен құс еті 11%-ға, қой еті 16%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Сарапшылардың мәліметінше, бір жылда ет пен құс етінің бағасы Қостанай облысында 4,1 пайызға, Түркістан облысында 18,4 пайызға өскен.

Сондай-ақ Маңғыстау облысында (16,6%-ға) және Шымкентте (16,4%-ға) айтарлықтай өсім байқалды.

Energyprom.kz сарапшылары атап өткендей, елімізде қой мен құс еті 15,7%-ға қымбаттады. Жылқы еті – 11,2%-ға, шошқа еті – 8,7%-ға, сиыр еті – 8,6%-ға қымбаттаған.

Жылқы еті қазан айында орташа есеппен, келісіне 2557 теңгеге дейін жетті. Қой еті – кг 2399 теңге болса, сиыр еті келісіне 2234 теңге сұрайды. Бұл ретте, ет пен құс етін, сондай-ақ олардан алынатын тамақ өнімдерінің өндірісі бір жылда 6,4 пайызға өсіп, биылғы қаңтар-қыркүйек айларында 250,7 мың тоннаға жетті. 

Новости партнеров