Биыл инфляция деңгейі төмендейді
Almaty.tv
Кешенді шаралар да қабылданған екен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Биыл инфляция деңгейі төмендейді. Ұлттық Экономика министрі Әлібек Қуантыров қымбатшылықты түсіру бойынша бірнеше бағдарлама дайындалғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кешенді шаралар да қабылданған екен. Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы мониторингі агенттігі арасында үшжақты келісім жасалыпты. Осы үш орган өз тарапынан бағаның өсуіне жол бермеу үшін жұмыс істемек.
«Мәселен, Үкімет әлеуметтік шығындарды есептеп, халықтың тұрмысын жақсарту бойынша жұмыс істейді. Кәсіпорындар мен бизнесті қолдау бойынша да нақты тапсырма бар. Ұлттық банк болса, инфляцияны таргеттеумен және шығынды азайту мәселесімен айналысады», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
27.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Абай алаңында Республика күніне арналған концерт өтті
26.10.2026 11:31