Ел Президенті елорда мен өңірлерге азық-түлік жеткізетін көлік-логистикалық орталықтың жұмысымен танысты

07.04.2020 20:27

Жалпы сомасы 14,8 млрд теңге болатын мемлекеттік қор қалыптасуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда мен өңірлерге азық-түлік жеткізетін көлік-логистикалық орталықтың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Continental Logistics» көлік-логистикалық орталығына барып, елорда мен өңірлерге азық-түлік жеткізу жұмыстарымен таныстым. Еліміз әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толық қамтамасыз етілген. Жалпы сомасы 14,8 млрд теңге болатын мемлекеттік қор қалыптасуда», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter -дегі парақшасында.