|
18.10.2023 | 15:32
4288

Түркия кәсіпкерлері Қазақстанда бизнес ашуға ниетті

Экономисттер Қазақстандағы бизнес климаттың жайлы екенін айтты

Түркия кәсіпкерлері Қазақстанда бизнес ашуға ниетті Almaty.tv

Түркия кәсіпкерлерінің Қазақстанда бизнес ашуға деген қызығушылығы артып жатыр. Бүгін екі ел кәсіпкерлері мен экономистері елордада бас қосып, ынтымақтастық жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бауырлас елдің қалталылары Қазақстандағы бизнес климаттың жайлы екенін айтты. Алматы халықаралық әуежайының вице-президенті Фатих Омюр «мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдайға көңіліміз толады» дейді.

– Алматы әуежайында жұмыс істеп жатқанымызға 2 жылдан асты. Бұл жобаға біз 700 миллион доллардан артық ақша салдық, бұл шешімге еш өкінбейміз. Себебі, Қазақстан мен Түркия арасындағы достық қатынас бизнесте де байқалады. Мұндағы бизнес климаты көңілімізден шығады. Бүгінгі симпозиумда әріптестеріме, Қазақстанда кәсіп дөңгелету – қауіпсіз әрі тиімді екенін жеткізгім келеді, – деді Алматы халықаралық әуежайының аға вице-президенті Фатих Омюр.

Шетелден инвестиция тарту мәселесін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиі айтады. Өзге елге барғанда бизнес өкілдерімен жеке кездесіп, Қазақстанда кәсіп дөңгелетудің оңай екенін түсіндіріп жатады. Бүгін Қазақстан мен Түрік инвесторлары дәл осы тақырыпта әңгіме өрбітті. Экономикалық зерттеулер қорының төрағасы Ахмет Инджекара тараптардың екі жаққа да тиімді жағдайда жұмыс істеу тұстарын академиялық тұрғыда зерттеген дұрыс екенін айтады.

– Түркия тарапы Қазақстанмен экономикалық тұрғыда қарым-қатынасты дамытуға мүдделі. Бүгінгі жиын да соған бағытталып отыр. Бизнеске келгенде, екі ел кәсіпкерлері Түркияда да, Қазақстанда да еркін жұмыс істеуі керек. Біздің елдің жалпы ішкі өнімі кейбір мемлекетке қарағанда төмен екенін мойындау керек. Біз осы көрсеткішті Қазақстанмен бірге көтергіміз келеді. Түркия тарапы осы елмен бірлесіп, көптеген салада жобаларды жүзеге асыруға ниетті, – деді Түркияның экономикалық зерттеулер қорының төрағасы Ахмет Инджекара.

Оқи отырыңыздар: Шағын және орта бизнес: 860 мың алматылық осы салада жұмыс істейді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир