2024 жылдан бастап қазақстандықтар байлық салығын төлейді

Фото: sn.kz
Фото: sn.kz
Бұл туралы Қаржы министрі айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2024 жылдан бастап қалтасы қалың қазақстандықтар байлық салығын төлейді. Бастаманы қазір арнайы құрылған жұмыс тобы пысықтап жатқан көрінеді. Жаңа салық түрін енгізу мәселесі арнайы институт базасында қаралады. Бұл туралы ел Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, жаңа төлемнің мөлшері қандай болатынын ешкім әлі нақты білмейді. Міндетті алымның механизмі мен жалпы нормалары жаңа салық кодексінде көрініс таппақ.

– Тиісті жұмыс тобы бар. Жүзге жуық отырыс өткіздік. Онда байлардың ешқайсын шақырып, пікірін сұрамады. Мемлекеттік органдардың, бизнестің, «Атамекен» ҰКП өкілдері мен депутаттарды және басқа да сарапшыларды шақырып, талқылау жүргіземіз. Ұлттық экономика министрлігі жанында Экономикалық зерттеулер институты бар. Осы ұйымда барлық сұрақ талқыланып жатыр, – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда тұрғын үй бағасы қалай өзгерді

Новости партнеров