Екінші деңгейлі банктердің өніміне сұраныс артуы мүмкін
Ұлттық валютаның құлдырауы тауарлардың, қызметтердің, жанар-жағармайдың, тіпті коммуналдық қызметтердің бағасына әсер етеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.
Сарапшылар Қазақстандағы инфляция деңгейі күрт жоғарылаған жағдайда елді не күтіп тұрғанын болжады.
Қазақстанда АҚШ долларының бағамы 1 қыркүйектен бастап 459 теңгеден 479 теңгеге дейін өскен, бұл қазақстандық валютаның айтарлықтай әлсірегенін білдіреді. Көрсеткіш соңғы рет 2022 жылдың 9 қазанында құбылған еді. Теңгеге әсер ететін сыртқы факторлар рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы 4,42 теңгеге дейін күрт төмендегені болатын, ал мұнай (Brent) қымбаттап, барреліне 92,6 долларды құраған.
Теңгенің құлдырауы қандай тәуекелдер тудыруы мүмкін? Сарапшылардың пікірінше, теңгенің әлсіреуі қазақстандықтарға кері әсерін тигізеді – валюта бағамының ауысуынан импорттық тауарлардың бағасы да өзгереді. Яғни шетелдік азық-түлік пен т.б. тауарлар қымбат болады. Тиісінше, импорттаушылар табыс табу үшін тауардың түпкілікті бағасынан бөлек қосымша шығындалуға мәжбүр болады.
- Бұл жанар-жағармай материалдары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және маусымдық факторлар сияқты т.б. инфляцияның өсуіне себеп болатын факторларды қоса алғанда, жылдық инфляция мен соңғы айларда біршама тез өскен айлық инфляцияның төмендетуіне кедергі келтіруі ықтимал, – дейді сарапшылар. Теңге доллар индексінің көтерілмеуі және мұнайдың қымбаттауы сияқты ішкі факторлардан құлдырауы ықтимал. Дегенмен біз ұлттық валюта ішкі факторлардан, соның ішінде квазимемлекеттік сектордың биржадағы «ішкі» сатылымдарының қысқаруынан құлдырай бастағанына сенімдіміз. Сондай-ақ биылғы жылы ішкі нарықтағы сұраныс пен импорттың өсуі екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) ұсынатын шетел валютасының қосымша сұранысқа ие болуына әсер ететінін естен шығармаған жөн. Ал ЕДБ KASE биржасындағы негізгі ойыншылардың бірі болып саналады, – деді сарапшылар.
Яғни теңге әлсіресе, импорттық азық-түлік пен т.б. тауарлар қымбаттауы мүмкін.
Оқи отырыңыздар: Қазақстанда еңбек өтілі жоқ маманға қандай жалақы төленеді