Қазақстанда еңбек өтілі жоқ маманға қандай жалақы төленеді

Сурет: Владимир Третьяков
Сурет: Владимир Третьяков
Ұлттық статистика бюросының мәліметі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, еңбек тәжірибесі болмаса кей қазақстандықтар жоғары жалақы төленетін жұмыс таба алмайды. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қоспағанда, елдегі ресми жұмыспен қамтылған азаматтардың ішінде жартысының табыс мөлшері 240 779 теңгеден төмен, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.

Әдетте жұмыс берушілер еңбек өтілі бар қызметкерлерге қарағанда тәжірибесіз қазақстандықтарға әлдеқайда аз жалақы төлейді. Танымал жұмыс іздеу платформасы жарияланған бос жұмыс орындардың ішінде еңбек өтілі жоқ адамдарға орташа есеппен небәрі 195 мың теңге ұсынады.

Бұл 2023 жылдың екінші тоқсанындағы орташа номиналды жалақыдан (365 502 теңге) екі есеге аз. Алайда бұл сома былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда 11 пайызға артық. Сайтта барлығы 46 мың бос жұмыс орны жарияланған, бірақ оның тек 25 пайызы еңбек өтілі жоқ азаматқа жарамды. Сарапшылардың дерегінше, жұмыс берушілердің шамамен 50 пайызы қызметкерден 1 жылдан 3 жылға дейінгі жұмыс тәжірибесінің болуын талап етеді. Оларға жалпы орташа есеппен 248 мың теңге жалақы ұсынылады, бұл былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда 4 пайызға жоғары.

Бос жұмыс орындардың тағы 5 пайызын 6 жылдан астам жұмыс өтілі бар қызметкер іздейді екен. Ондай мамандарға орта есеппен шамамен 477 мың теңге жалақы ұсынылады, бұл алдыңғы жылдың көрсеткішінен 7 пайызға артық. Ал қалған жұмыс берушілер, яғни 20 пайызы 3 жылдан 6 жылға дейінгі жұмыс өтілінің болуын талап етеді. Ондай жұмыс орындарындағы жалақы мөлшері жоғары және төмен жалақының арасында алшақтық байқалады.  

Осылайша Қазақстанда көптеген компания жұмыс тәжірибесі жоқ маманды жұмысқа алуға дайын екенін байқауға болады, бірақ оларға ұсынылатын жалақы мөлшері тәжірибесі бар мамандарға қарағанда орта есеппен 282 мың теңгеге төмен. Жұмыс тәжірибесі жоқ маманды жұмысқа алуға дайын компаниялардың басым бөлігі бөлшек сауда саласында байқалып отыр, ал тәжірибесі мол мамандарды жиі құрылыс және жылжымайтын мүлік саласындағы жұмыс берушілер іздейді.

Оқи отырыңыздар: Қазақстан мен Орталық Азия арасындағы сауда айналымы еселеп өсті – Айдос Сарым


Новости партнеров