Республикалық бюджеттен жаңадан құрылған облыстарға 12 млрд теңге бөлінеді

открытые источники
открытые источники
Қаржы облыстардың әкімшілік ғимараты үшін жұмсалмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде жаңадан құрылған 3 облысқа республикалық бюджеттен 12 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінеді. Бұл туралы бүгін экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл қаржы облыстардың әкімшілік ғимараты үшін жұмсалмақ. Кей өңірлерде нысандар жалға алынса, енді біреуінде ғимараттарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жаңа облыстардың құрылуы нәтижесінде өндіріс ошақтарын ашу, жұмыс орындарын құру мен инвестиция тарту ел бюджетінің дамуына оң әсер етеді дейді министр.

«Қазіргі таңда Абай мен Жетісу облысының әкімшілік ғимараты дайын. Орган өкілдері мен басқарма басшылары бүгінге дейін жұмыс істеп келген нысанда отырады. Ал Қонаев қаласының әкімшілік ғимараты дайын емес. Қазір құжаттама жұмысын жүргізіп жатырмыз. Дайын болғанға дейін жалға алған ғимаратта отырады», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Министрдің айтуынша, жаңа облыстардың құрылуы өңірлерде қордаланған мәселерді жедел әрі тиімді жолмен шешуге, аймақты дамутыға оң әсер етпек. Бұл ел Президентінің жаңа реформасы аясында жүзеге асып отыр. Сонымен қатар, жаңа облыстарда әкімшілік-құрылымның штаттық қызметкер саны да белгілі болды. Әлібек Қуантыровтың айтуынша, әр өңірде әкімдердің үш орынбасары болады.

«Қызметіне жаңадан кіріскен әкімдер алдағы күндері жергілікті мәслихат депутаттарымен жүздесіп, негізгі мәселелерді саралайтын болады. Содан кейін әр бағыт бойынша әкімдердің орынбасарлары тағайындалады», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Новости партнеров