Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ақорданың ресми сайтының мәліметінше, ол Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы лауазымынан босатылған. Ал осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болған Дәурен Айтбайұлы Кәріпов лауазымынан босатылды. Нұрлан Онжанов 1960 жылы 25 қарашада бұрынғы Талдықорған облысында дүниеге келді. Германистика мамандығы бойынша Гумбольдт атындағы Берлин Университетінің филология факультетін бітірген, филология ғылымдарының кандидаты.
1983-1986 - Алматы қаласында филология доценті;
1986-1992 - Мәскеу қаласында ғылыми қызметте;
1992-1994 - ҚР Баспа және бұқаралық ақпарат министрлігінің бөлім бастығы және министрдің кеңесшісі;
1994-1996 - Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты, Халықаралық бөлімінің аға референті;
1996-1997 - Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы кейін кеңесшісі;
1997-2001 – ҚР Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі;
2001-2002 - ҚР Сыртқы істер министрлігі, Экономикалық саясат департаментінің директоры;
2002-2003 - Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы;
2003-2004 - ҚР Сыртқы істер вице-министрі, ТМД істері комитетінің төрағасы, «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестірушісі;
2004-2007 - ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары;
2007-2008 - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі;
2008-2014 жылдары - Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және Дания Корольдігіндегі Елші міндетін қоса атқарушы.
2014 жылғы шілдеден ҚР Президентінің көмекшісі болған.
2019 жылдың наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті кеңсесінің басшысы болды.
«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.