Руслан Дәленов: «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 1 трлн теңге бөлінді

Руслан Дәленов: «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 1 трлн теңге бөлінді
Төтенше жағдай кезеңінде экономиканы тұрақтандыру және халықты қолдау бойынша жедел шаралардың 2 пакеті қабылданды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы іргелес салаларда 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.  Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов осылай деді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 255 мың жұмыс орнын, оның ішінде аяқталған жобаларда 15 мың тұрақты жұмыс орнын құратын 6 жарым мың әлеуметтік маңызы бар жоба іріктеп алынған. Сонымен қатар, аталған бағдарлама аясында жұмыссыздықты болдырмау үшін 1 трлн. теңге бөлінген.

«Сонымен қатар, еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін «Жұмыспен қамту жол картасы» жаңа бағдарламасы бойынша 1 трлн теңге бөлінді. Осы бағдарламаны іске асыру өңірлерде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған көптеген маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бұл –  апатты және үш ауысымды мектептер санын азайту, газдандыру, сапалы жергілікті жолдар салу, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы шаруалар», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Бұдан бөлек, Ұлттық экономика министрі карантиннің тағы екі аптаға ұзартылуына байланысты тамыз айында қазақстандықтарға 42 500 теңге беріле ме деген сұраққа да жуап берді.

«Өздеріңіз білетіндей, мемлекеттік комиссияға карантин мерзімін ұзарту мәселесін қарау туралы тапсырма жүктелген болатын. Таяуда өтетін мемлекеттік комиссияның отырысында бірқатар міндет қаралып, оның ішінде халық пен экономиканы қолдау мәселесі де пысықталады. Бұл мәселе мемлекеттік комиссияның отырысынан кейін белгілі болады», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Новости партнеров