Алматыда экономистер мен кәсіпкерлер экономикалық мәселелерді талқылады

Almaty.tv
Almaty.tv
Осы күнге дейін жіберілген олқылықтар мен алдағы жоспар кеңінен талқыланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ел экономикасын әртараптандыру бойынша әдіснамалық тәсілдерді әзірлеу». Күні кеше «Тұран» университетіне жиналған бір топ маман экономикалық мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Басқосуға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, экономистер мен кәсіп иелері және оқытушылар қатысты. Осы күнге дейін жіберілген олқылықтар мен алдағы жоспар кеңінен талқыланды.  

«Технологияны дамыту керек, көмек көрсетіп, кадр дайындау керек. Жаңа саланы дамытамыз деп айып келе жатқанымызға аз уақыт болған жоқ. Енді соның бәрін жинақтауымыз керек. Білім саласы бойынша біраз проблеманы «Атамекен» палатасымен бірлесіп шешеміз деген ойымыз бар», - деді қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Рахман Алшанов.

Ал кәсіпкерлердің айтуынша, мұндай ашық алаңдар ұйымдастырудың маңызы зор. Өйткені толғандырған мәселені ортаға салып, мамандардың пікірін тыңдау арқылы бәріне тиімді ортақ шешімге келуге болады.  

«Менің ойымша, мұндай жиындар өте пайдалы. Мен өзім косметика өндіремін. Көпшілік өнімді елден сатып алса, ел экономикасының дамуына септігін тигізеді. Осыны қалай жүзеге асыруға болатынын бүгін жан-жақты талқыладық», - деді кәсіпкер Николай Верещагин.

Новости партнеров