|
01.12.2022 | 16:16
3670

Қазақстанда жылдық инфляция 19,6 пайызға жетті

Азық-түлік тауарлары 24,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 18,6%, ақылы қызметтер 14,1% қымбаттады

Қазақстанда жылдық инфляция 19,6 пайызға жетті inbusiness.kz

Қазақстанда қарашада жылдық инфляция 19,6% болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Азық-түлік тауарлары 24,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 18,6%, ақылы қызметтер 14,1% қымбаттады, деп хабарлады ұлттық статистика бюросы.

Қараша айында айлық инфляция деңгейі қазанмен салыстырғанда 0,2 пайыздық тармаққа төмендеп, 1,4% құрады. Қазанға қарағанда өткен айда азық-түлік тауарлары 1,8%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,6%-ға, ал ақылы қызметтердің бағасы 0,8%-ға өсті.

Азық-түлік тауарларының ішінде қияр – 41,5%, қызанақ – 26,1%, жұмыртқа – 6,7%, пияз – 5,9%, күріш – 3,5%, қаймақ – 3,4%, жаңа піскен жеміс – 3%, тұздалған майшабақ – 2,7%, айран – 2,5%, сүт – 2,4%, кондитерлік өнімдер – 1,6%, ірімшік және сүзбе 1,5% қымбаттады.

Сәбіз – 2,9%, құмшекер 1,9% арзандады.

2022 жылдың қазанмен салыстырғанда қарашада азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 1,6% өсті. Дизель отыны – 13,9%, тас көмір – 2,6%, ағаш отыны 1,6% қымбаттады. Жуу және тазалау құралдары 4,1%, жеке пайдаланылатын тауарлар – 2,8%, киім және аяқкиім, ыдыс, тоқыма бұйымдарының бағасы 1,6% өсті.

Ақылы қызметтер өткен айда 0,8% қымбаттады. Қоғамдық тамақтандыру қызметтері 2,7%, монша қызметтері – 1,9%, шаштараз бен сұлулық салондары қызметтері – 1,8%, денсаулық сақтау, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтер – 1,7%, қонақ үй қызметтерінің бағасы 1% өсті.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир