Азаматтардың барлығына бірдей зейнетақы қорындағы ақшаларын шешіп алу ұсынылды

m.azh.kz
m.azh.kz
Жалпы халықтың қорларға сенімсіздігі, зейнетақы жарнасын салық ретінде қарастырулары басым
Жаңалықтармен бөлісіңіз

БЖЗҚ қоғамдық кеңесінің мүшелері қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының 10 пайызын мерзімінен бұрын шешіп алуға мүмкіндік беру туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Кеңес мүшесі  Евгений Сейпульниктің айтуынша, БЖЗҚ қоғамдық кеңесінің отырысы ұлттық банктің өкілдерінің қатысуымен 17 шілдеде өткен.

«Жалпы халықтың қорларға сенімсіздігі, зейнетақы жарнасын салық ретінде қарастырулары басым. Оның үстіне қазіргі елдегі экономикалық жағдайды ескеру керек.Екінші жағынан зейнетақы активтерін басқару жүйелілікті талап етеді. Сондықтан ең болмағанда, қартайған кездегі жинаққа деген көзқарасты өзгертуге тырысуымыз қажет. Менде азаматтардың қаржылық мәселесін жеңуге көмектесетін әдіс ретінде мынандай ұсыныс бар. Яғни салымшылардың зейнетқорына жинақталған қаражатының 10%-ын зейнет жасына жетпей-ақ шешіп алуды ұсынамын,», – деп жазды Сейпульник Facebook парақшасында.

Оның пікірінше, әрбір салымшының өзінің қордағы  жинағының 10 %-ын шмерзімінен бұрын алуы мынандай жағдайларға себеп болады:

1. Шоғырландырылған жинақ көлемін 1,7 трлн теңгеге  азайту;

2. Бюджетке түсетін 170 000 000 000 ЖТС-ті (жеке табыс салығы)вируспен күреске де бағыттауға болады;

3. Әр салымшаға 42 500 теңге көлеміндегі төлемді 100 000 теңгеге дейін көбейту мүмкіндігі;

4. Қорға және ұлттық банкке деген салымшылардың сенімін арттыру;

5. Қордың жаңа деңгейге көтерілуі.

«10 миллионға жуық салымшының шоттарын есепке алу және дербестендірудің дәлелденген бағдарламалары болған жағдайда, бұл ұсынысты жүзеге асыру айтарлықтай проблемалар туғызбауы керек. Әр салымшының жинақ ақшасының 10%-ын шешіп беруді міндеттеме деп емес, оның жеке құқығы ретінде қарастырылуы керек. Бәлкім бұл опция біреудің өмірін сақтап қалуға көмектесер», – деді Сейпульник.

Оның пайымдауынша, бұл төлем сонымен қатар жинақталған қаражаттың көлеміне қарамастан салымшының мерзімінен бұрын құқығы ретінде заңды түрде бекітілуі мүмкін.

«Осылайша, біз барлық салымшыларды өзімізге тартамыз ... Дағдарыс кезінде ел азаматтарына қаржылай қолдау көрсету арқылы біз олардың әрі қарай қаржыларын жинақтауға  қамтамасыз ету үшін қажетті жағдай жасайтынымызға сенімдімін. Егер бұл ұсынысымды қолдайтын болсаңыздар, кеңес атынан президентке үндеу жолдаймын», – деп қорытындылады кеңес мүшесі.

Новости партнеров