Жазасын өтеушілер 50 мың дана бетперде тікті

polisia.kz
polisia.kz
Тігіліп жатқан бетперделер облыстағы мекемелердің тапсырысы негізінде дайындалып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылорда облысында жазасын өтеушілер 50 мың дана бетперде тікті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Еліміздегі коронавирустық инфекцияның белең алуына байланысты, Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесіндегі жазасын өтеушілерде өз үлестерін қосып, бетперде тігіп жатыр. Бұл бетперделерді ЗК-169/5 мекемесінің аумағындағы  РГП «Еңбек-Қызылорда» тігін цехында арнайы  кәсіби білімі бар сотталғандар тігуде. Қазіргі таңда 45-ке жуық сотталған екі ауысымда бетперде тігіп жатыр. Биыл наурыз айынан бері 50 мыңға жуық  көпреттік бетперде тігілді.

Жазасын өтеушілердің әрқайсысы әуел баста 5-10 бетперде шығарса, қазір күніне 50-60 бетперде әзірлейді. Ал тәулігіне 2 мың дана тігіледі. Тігіліп жатқан бетперделер облыстағы мекемелердің тапсырысы негізінде дайындалып жатыр. Мұнан бөлек жазасын өтеп жатқандардың да қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, қорғаныс заттар таратылып тұрады. 

ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Асқар есімді ер адам тігінші мамандығын оқып, дипломын алған. Бүгінде мекеменің өндірістік аумағындағы «Тігін цехында» жұмыс істейді.

«Осындай қиын уақытта “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, халқыма қолымен келген көмегімді аянып жатқаным жоқ. Бір бетпердені тігу үшін небәрі 5-10 минут уақыт кетеді. Күніне 50 дана бетперде тігемін. Айлық жалақымызды уақытылы алып отырмыз. Елім осы індетті жеңіп, мен де отбасыма аман есен оралсам деймін», – деді жазасын өтеуші азамат.


Новости партнеров