|
12.05.2021 | 16:26
1276

Жыл басынан бері елімізде бензин бағасы 11,6 пайызға өскен

Ол туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді

Жыл басынан бері елімізде бензин бағасы 11,6 пайызға өскен ашық дереккөзден

Жыл басынан бері елімізде бензин бағасы 11,6 пайызға өскен. Ол туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сонымен қатар, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ай сайынғы қымбаттауы 2017 жылдың қазан айынан бері ең жоғары деңгейге жетіпті. Киім мен аяқ-киім бағасының өсу қарқыны жылдық көрсеткіште 5,5%-ды көрсеткен. Ал азық-түлік бағасы 4,8%-ға қымбаттаған.

«Жылдың басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімінің бағасы 4,8% өсті. Аталған өсім өткен жылы қаңтар-сәуір айларында тіркелген 5,5% көрсеткіштен төмен. Дегенмен биыл сәуір айында бағалар 1,7% қымбаттады. Ең жоғары баға өсімі Атырау облысында (6,8%), Нұр-Сұлтан (6,3%) және Шымкент қалаларында (5,6%) тіркелді. Бағаның ең төмен өсімі Алматы (4,0%), Қарағанды (4,3%) және Қызылорда облысында (4,4%) байқалған», – деді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Бұдан бөлек Үкімет отырысында мемлекеттік сатып алу рәсімдерін тексеру кезінде 11 мыңнан астам бұзушылық анықталғаны айтылды. Қаржы министрі Ерлан Жамаубаевтың сөзінше, мыңнан астам аудиторлық іс-шара өткізілген.

«Аудитпен 604 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды. 60 млрд теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тауарларды жеткізу мен қызметті көрсетумен және жұмыстарды орындау мен қалпына келтіру бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 44 млрд теңгеге бұзушылық жойылды. Аудит объектілері қызметі тиімділігін жетілдіру және анықтау үшін 947 ұсыным берілді», – деді ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир