Айта кетейік, тұтыну тауарлар бағасының өсімі өткен жылдың желтоқсан айында 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,4 пайызды құраған. Азық-түлік тауарлары да біршама қымбаттаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Биыл ондай олқылық қайталанбайды» деп сендірді үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалдарына жауап берген Әлихан Смайылов.
«Біз биыл өткен жылды ескере отырып, тұтыну тауарларының бағасын ұстап тұру үшін бірқатар шара қолдануымыз қажет. Мәселен, төрт түлік малды Қазақстаннан шеткері аймақтарға шығаруға шектеу қою қажет. Былтыр көптеп шығарылғандықтан, еттің құны шарықтай түсті. Бұл тек мысал. Әр осындай нарықта баланс қою керекпіз. Өндірістің, экспорт, импорттың, тұтынудың балансын құру керекпіз. Ішкі нарық бұл тауарларға мол болуы тиіс», - деді ҚР Қаржы министрі Әлихан СМАЙЫЛОВ.