|
30.12.2022 | 16:37
1006

2023 жылы Қазақстанда мұнай өндіру көлемі артады

2023 жылға арналған мұнай өндіру жоспары – 90,5 млн тонна

2023 жылы Қазақстанда мұнай өндіру көлемі артады inbusiness.kz

Келер жылы елімізде мұнай өндірісінің көлемі арта түседі деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Биылғы қорытынды бойынша мұнай өндіру көлемі – 84 млн тонна. Бұл – өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 96,5%. Мұнай өндірудің төмендеуі Қашаған кен орнындағы «Болашақ» зауытындағы жоспардан тыс жөндеу жұмыстарына, Қарашығанақтан газ жеткізілетін Орынбор газ өңдеу зауытының тоқтауына, сондай-ақ Каспий құбыр консорциумындағы жөндеу жұмыстарына байланысты болды. Олар 64,8 млн тонна деңгейіндегі мұнай экспортына теріс әсер етті, өткен жылғы деңгейден 4,1%-ға төмен», - деді Энергетика министрі Болат Ақшолақов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министр келтірген мәлімет бойынша, 2023 жылға арналған мұнай өндіру жоспары – 90,5 млн тонна, ал экспорт көлемі – 71 млн тонна.

«Мұнай өндіру саласында ірі жобаларды іске асыру бойынша еліміздің 3 негізгі кен орнында жұмыс жалғасады. Теңіз кен орнында мұнай өндіруді жылына 12 млн тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік беретін жоба іске асырылып жатыр. Биыл жоба бойынша жұмыстың жалпы ілгерілеуі 95,2%. Жобаны 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр. 2023 жылы Теңізде ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасы аяқталады. Ол келешекте кен орнында жұмыс істейтін зауыттардың өңдеу қуаттарының толық жүктелуін қамтамасыз етеді», - дейді министр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир