Қазақстаннан Қытайға экспортталатын газ көлемі 20-25 пайызға төмендеді

Tobolinfo.kz
Tobolinfo.kz
Энергетика министрі Қазақстан көп ұзамай Қытайға мұнай экспорттауды қайта жандандыратынын жеткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ол туралы бүгін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл көрсеткіш ел экономикасына еш әсер етпейді. Газ тасымалдау өткен жылғы деңгейде сақталып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Ал, Қытайдың не себепті бізден көгілдір отын алу көлемін азайтқанын ашып айта алмады.  Бірақ ол Қазақстан мұнайының өзіндік құны қанша долларды құрайтынын жасырмады.

«Кен орындарында қабаттарды игеру дәрежесі әртүрлі. Бұл ретте әрбір нақты кен орнын жеке айту керек, әрқайсысының өзіндік құны әртүрлі. Өзіндік құны 20 доллар болатын, 50 долларды құрайтын, сондай-ақ 65 доллар болатын кен орындары бар дегендей. Ал, Қашағанда өзіндік құн 10 долларға дейін жетеді.  Сол себепті барлығының бағасы бір деп айтуға болмайды», – деді ҚР Энергетика министрі Нұрлан НОҒАЕВ.

Сонымен қатар, министр Қазақстан көп ұзамай Қытайға мұнай экспорттауды қайта жандандыратынын жеткізді. Айта кетейік,  «Ақтөбемұнайгаз» мұнайының құрамынан хлорорганикалық заттар табылған болатын. Сол себепті Қазақстан Қытайға мұнай экспорттауды тоқтатқан еді. Нұрлан Ноғаев аталған мәселе реттелгенмен, әлі күнге дейін қара алтынның құрамынан бұл заттар анықталып жатқанын да тілге тиек етті.

Новости партнеров