|
11.03.2020 | 20:28
2186

Коронавирус: Алматының бас дәрігері кісі шақырып, қонаққа баруды доғара тұрған жөн деді

Тілеухан Әбілдаев Алматыда коронавирус дерті ешкімде тіркелмегенін жеткізді

Коронавирус: Алматының бас дәрігері кісі шақырып, қонаққа баруды доғара тұрған жөн деді

Адам көп шоғырланған жерлерге бармаған абзал. Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев, тіпті үйге кісі шақырып, қонаққа да бармаған жөн дейді. Тағы да сақтық шараларын қатаң сақтаңыз. Мегаполистің бас дәрігері коронавирустың таралып кетпеуі үшін кешенді шаралардың жасалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі.

Қазір Алматыда шетелден келген азаматтарды оқшаулау үшін бірнеше медициналық орталық дайындалған. Оның 2-і инфекциялық стационар болса, тағы 4 медициналық стационар жұмыс істеп тұр. Онда 490 адам бар. Қауіпті мемлекеттерден келген азаматтар бірнеше санатқа бөлініп бақылауда ұсталады. Яғни, «1-ші а» тобына Қытай, Оңтүстік Корея, Иран және Италия мемлекеті жатады. Бұл азаматтар 14 күндік карантиннен кейін, 10 күн бойы медицина қызметкерлері қоңырау шалып, олардың денсаулығын біліп отырады. «1-ші б» тобына Франция, Германия мен Испания елдері кіреді екен. Бұл мемлекеттен келген адамдар өздерін үйде оқшаулауға тиісті. Дәрігерлер карантиндегі адамдардың талапты орындап жатқанын бақылайды. Егер оқшаулаудан бас тартқан жағдайда тиісті шаралар да қолданылады екен.

«Бұл адамдар үйде карантиннің кезінде бұл карантинді үзетін болса, онда біз Тауарлардың қасиеті мен оның қауіпсіздігін қадағалайтын департаменттің өкілдеріне хабар береміз, олар бұл адамдарға әкімшілік шара қолдануына кейбір айыппұл салуларына құқықтары бар», - деді Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан ӘБІЛДАЕВ.

Қаланың бас дәрігері Алматыда коронавирус дерті ешкімде тіркелмегенін жеткізді. Сонымен қатар, егер аталған дерт анықталған жағдайда оны емдеу шаралары да дайын екенін айтты. Еске сала кетейік, осыған дейін әлеуметтік желілерде «Алматы әкімінің бұйрығы бойынша, қалада коронавирус анықталған жағдайға кешенді шаралар қолдану туралы жоба әзірленді» деген ақпарат тараған еді.

Қала әкімі баспасөз қызметінің басшысы Әсет Мұқажановтың хабарлауынша, бұл - жалған ақпарат. Мегаполис аумағында КОВИД-2019 вирусының алдын алу шаралары қарқынды жүргізіліп жатқанын жеткізді. Аталған дертке қатысты толық әрі тұшымды ақпарды 1406 нөміріне қоңырау шалу арқылы ала аласыздар. Әуежай мен вокзалдар санитарлық режимде жұмыс істеп жатқанын да айта кетейін. Сондай-ақ, арнайы құрылған өңірлік штаб коронавирус туралы ақпараттандыру жұмыстарын жалғастырып жатыр.  Қатаң ескерте кету керек, дәрігерлер қол алысып және беттен сүйіп амандасуды уақытша доғару қажет деп кеңес беруде.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир