ТЖ: Жеке тұлғаларға да несие бойынша төлемдерді өтеу 90 күнге тоқатылды

tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Бұл шешімді Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда жеке тұлғаларға да барлық несие бойынша төлемдерді өтеу 90 күнге тоқатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елдегі төтенше жағдайға байланысты, жеке тұлғаларға банктер мен микроқаржы ұйымдары қарыз шарттары бойынша төлемдердің мерзімін өткізіп алу бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемейтін болады. Яғни, 90 күннен астам мерзімге кешіктірілген жағдайда, кепілсіз тұтынушылық несиелері бар жеке клиенттерге банктер пайыз есептемейді. Бұл шешімді Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді. Дегенмен кейбір банктер мен микроқаржы ұйымдары кейінге қалдырылған төлемдерді дербес түрде де ұсынуда. Сондай-ақ, карантинге байланысты екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары өз клиенттеріне қашықтан қызмет көрсететін болады.

Новости партнеров