Алматы облыстық кірістер департаментінің қызметкерлерімен бірлесе атқарылған тексеріс барысында Қазақстан азаматынан декларацияланбаған 18 мың АҚШ доллары, сонымен қатар 939 блок темекі бұйымдары мен 35 тон анықталған. Қазіргі таңда тиісті тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«2019 жылдың бірінші қазанында шекара қызметкерлерімен бірлесе отырып, кеден қызметкерлері кедендік тексеріс жұмыстары нәтижесінде 939 блок темекі бұйымдары және 35 дана тері бұйымдарынан тігілген ішіктер ұсталды. Қазіргі уақытта ұсталған тауарлардың кедендік құнын анықтап және осы іске қатысты адамдарды тиісті заң талаптары бойынша жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр», – деді «Алтын көл» кеден бекетінің бас маманы Бекен НҰРАХМЕТОВ.