|
07.04.2023 | 17:19
488

Мұнай өндіруші зауыттарға субсидия берілуі тиіс - экономист

Қазақстаннан жағармайды заңсыз әкеткен 300-ге жуық факті анықталды

Мұнай өндіруші зауыттарға субсидия берілуі тиіс - экономист Almaty.tv

Екі айда Қазақстаннан жағармайды заңсыз әкеткен 300-ге жуық факті анықталды. Қазір мұнай өнімдерінің жекелеген түрін экспорттау бойынша 94 іс қозғалып жатыр. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жаңа заң жобасы биыл 31 наурыздан бастап, жыл соңына дейін сұйық отынды шет елдерге шығаруға тыйым салған еді. Алайда мұны елеп жатқандар жоқ секілді. Түптеп келгенде, осы құбылыс онсыз да тапшы болып тұрған бензин мен дизель қорының азаюына сеп болуда. Бұл шаруаны шешу мақсатында билік бірқатар шараларды қолға алды. Мәселені толығырақ студия қонағы экономист Мақсат Сералы түсіндіреді.

Мақсат мырза, кеш жарық! Еліміз арзан отынмен басқа мемлекеттердің экономикасын субсидиялап отыр деуге толық негіз бар ма?

Қазіргі таңдағы экономикалық жағдайға қарайтын болсақ, біздің жанармай өнімінің бағасы ТМД елдердің қатарында, көршілес тұрған мемлекеттердің ішіндегі ең төменгі болып есептеледі. Сондықтан бұл жағдайды қолданып отыр. Яғни, сұраныстың көптігі неден туындап отыр? Сұраныстың көптігі қазір бізге транзиттік логистикалық жүйемен келетін автокөліктер болсын, үлкен бензовоздар болсын, ол Қазақстанның мұнай өнімдерін өздерінің мемлекеттеріне тікелей тасымалдап жатыр. Ең негізгі факторы – бағаның төмен болуынан орын алып отыр. 

– Елде сұйық отын тапшылығын болдырмау үшін бірқатар шара қабылданып жатыр. Жанар-жағармай бағасын өсіру қажеттілігі неден туындап отыр?

Енді Үкімет қазіргі таңда негізгі құрал ретінде бағаны көтеруді қарастырып отыр. Негізгі жол –осы. Бағаны көтеру арқылы көршілес мемлекеттерден келетін сұраныс көлемін төмендету көзделген. Яғни, бұл жерде автоматты түрде баға өсетін болса, көршілес мемлекеттермен салыстырмалы түрде баға айырмашылығы азайса, сәйкесінше, біздің өнімге деген, мұнай өнімдеріне деген, жанармайға деген сұраныс төмендейді. Негізгі қабылданып отырған шара осы. Қазіргі таңда заңсыз түрде жанармай өнімдерін шығаруға тыйым салынды. Одан кейін қазіргі мәселе - мұнай өндіруші зауыттарды жыл сайын реконструкцияға жабу. Демек мұнай көлемі аз. Енді Үкімет ішкі нарықтағы сұранысты толыққанды қамтамасыз ету үшін менің ойымша, мұнай өндіруші зауыттарға үлкен көлемде субсидия беріп, өнімнің көлемін арттыру арқылы ішкі нарықты толыққанды қамтамасыз ете алады.  

– Ал дизель отыны қымбаттаса, ауыл шаруашылығы саласы зардап шегуі мүмкін бе? Бұл азық-түлік бағасының шарықтауына алып келеді ғой?

– Иә, жақсы сұрақ. Қазіргі таңда біз білеміз, ауыл шаруашылығына жылдың басында барлық бюджет бекітіледі. Сәйкесінше, әр өңір өзіне тиесіліні алады. Яғни, ауыл шаруашылығына бөлінген дизель өнімдері алдын ала бекітіліп қояды. Бюджет бөлінген, қазіргі уақытта барлық шаруашылықға қажетті дизель өнімдері қоймаларда сақталып тұр. Сондықтан биыл бұл үлкен көлемдегі тасымалдау мен сұйық отынның құнын көтермеуі керек. Ал келесі жылы бюджеттен тағы қарастырылады. Қазіргі жағдай, яғни мұнай мен дизель өнімдерінің бағасы өсуіне байланысты бюджет қайтадан қарастырылып, қажет ақша бөлініп, сәйкесінше орны толықтырылады.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир