|
14.03.2024 | 16:22
279

Қазақстанда шетелден тартылатын инвестиция көлемі күрт төмендеген

Бұл туралы мәжілісмен Олжас Құспеков айтты

Қазақстанда шетелден тартылатын инвестиция көлемі күрт төмендеген Almaty.tv

Қазақстанда тікелей шетелден тартылатын инвестиция көлемі күрт төмендеген. Миллиардтап қаржы салып, ел аумағында іс бастағысы келетіндердің қолын жемқорлық байлап тұрған көрінеді. Бұл туралы мәжілісмен Олжас Құспеков айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Депутат келтірген дерекке сәйкес, қазынаға келген қаржыға жергілікті әкімдер де қол сұққан. Саладағы олқылықтарды жойып, заңнамалық актілерге өзгеріс енгізу мәселесі Мәжілістегі комитет отырысында қаралды. Өткен жылы құны 1,1 млрд. АҚШ долларына тең 47 жоба жүзеге асырылған. Көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 11,3 пайызға төмен екенін көрсеткен.

– Президентіміздің тапсырмасына сай экономиканы екі есе үлкейтуіміз керек. Ішкі өнімді екі есе көбейту керек. Экономиканы әртараптандыру қажет. Сол мақсатты орындау үшін көптеген инвестор келуде. Бірақ айлап, жылдап мемлекеттік мекемелердің есігін қағып, содан кейін қайтып кетеді, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Құспеков.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, өткен жылдың 9 айында 5 салаға шетелдіктер қаржы көп салған. Олардың қатарында тау-кен өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда мен құрылыс бар. Ал биылғы жоспар - инвесторлардың көрсеткіш ағынын 22,1 трлн теңгеге жеткізу. Мақсатты межеге жету үшін бүгінгі таңда Түркия, Сауд Арабиясы, Қытай, Индонезия, Катар және Түрікменстан елдерімен келісім пысықталып жатқан көрінеді. Бұл іске шет елдегі Қазақстанның 109 мекемесі жұмылдырылған.

– Инвесторлар үшін кедендік баждан, мемлекеттік гранттан, сондай-ақ салық преференцияларынан босату көздейтін инвестициялық келісімшарттар жасасу тетігі іске асырылуда. Соңғы 5 жылда 347 инвестициялық келісім жасалды. Олардың инвестиция көлемі 3 трлн теңгені құрады, – деді ҚР СІМ орынбасары Назира Нұрбаева.

Оқи отырыңыз: Олжас Бектенов Кентау ЖЭО-ның жаңғырту жұмыстарымен танысты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир