Қазақстандықтар үшін кезекті компания акциясын сатылымға шығарды. 16 қазанда басталған инвесторларға арналған іс-шара 2 қарашаға дейін жалғаспақ, деп хабарлайды Almaty.tv.
Елдің энергетика саласындағы белді ұйым бұл механизмге кез келген азамат қатыса алатынын айтты. Ол үшін компания атынан 15 миллионнан аса акция ұсынылған.
– Мәселен, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына компания 20 млн дивидент төледі. Ол таза кірістің 87 пайызынан асып түсті. Сол үшін біз осы компанияның мақсатын, SPO-ның талаптары туралы жаңа инвесторларға мәлімет беріп жатырмыз. Негізі жаңа инвесторлардан тапсырыс алу бүгіннен басталады, – деді компанияның Тұрақты даму және стратегия жөніндегі басқарушы директоры Эльвира Қонақбаева.
Оқи отырыңыз: Келесі жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы енгізіледі