Үкімет МАЭК-ті жөндеу жұмыстарына 4,9 млрд теңге қаражат бөлді

Almaty.tv
Almaty.tv
Үкімет басшысы нысанның алдағы жылу беру маусымына дайындығымен танысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында құрал-жабдықтардың 80%-ы тозған. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов нысанның алдағы жылу беру маусымына дайындығын көріп қайтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Премьер-Министрге алдымен кәсіпорынды жаңғырту жоспарлары баяндалды. Қазір өндіріс орнында турбоагрегаттарға, қазандық агрегаттарына және қосалқы жабдықтарға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Әбден тозығы жеткен құрылғыларды ауыстыру үшін облыстық әкімдік резервінен 2,6 млрд теңге бөлінген. Ақтаудағы атом энергетика комбинаты бүгінгі күні Маңғыстау өңіріндегі халықты сумен, жарықпен және жылумен қамтамасыз етіп отыр. Құрылғылары тот басып тозған комбинатта биыл жазда екі рет апат болғаны белгілі. Сапарының соңында Үкімет басшысы жергілікті әкімдікке бірқатар тапсырма берді. Жөндеу жұмыстарының уақытылы аяқталуын бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

– МАЭК-тің тұрақты жұмыс істеуі – Маңғыстау облысының ең күрделі мәселесінің бірі. Сондықтан жұмыстарды бақылауда ұстап отырмыз. 4,9 млрд теңге Үкімет резервінен бөлдік. Сол ақшаға тиісті жабдықтар сатып алынып, МАЭК жаңғыртылу керек. Сондықтан жұмыстарды график бойынша уақытылы іске асырып, жылу маусымын тұрақты қамтамасыз ету керек, – деді ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов.

Оқи отырыңыз: Орталық Азия елдері су тапшылығы мәселесін бірлесіп шешуге күш салмақ


Новости партнеров