|
15.09.2023 | 18:42
2294

Қаңтар оқиғасы: «Дикий Арманға» қатысты сот процесі жалғасып жатыр

Қауіпсіздік үшін бірнеше сотталушы отырысқа онлайн қатысуда

Қаңтар оқиғасы: «Дикий Арманға» қатысты сот процесі жалғасып жатыр Almaty.tv.

Алматыда Қаңтар оқиғасына қатысты ең басты сот процесі жалғасып жатыр. Айыпталушылар қатарында «Дикий Арман» лақап атымен танымал Жұмагелдиев пен кәсіпкер Қайрат Құдайбергенов, олардан бөлек, 40-тан астам адам бар. Соттың алдын ала тыңдалымы ашық түрде өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алайда қауіпсіздік үшін бірнеше сотталушы отырысқа онлайн қатысуда. 10 жәбірленуші мен кейбір айыпталушылар және олардың адвокаттары процестің жабық өтуіне сұраныс жасаған. Олар өздерінің және жақындарының өміріне сотталушылар тарапынан қауіп төнгенін мәлімдеді. Ал кейбір айыпталушылардың қорғаушылары бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш берген.

«Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергенге және басқа да айыпталушыларға қатысты соттың алдын ала тыңдалымы тергеу изоляторының ғимаратында болды.  Бұқаралық ақпарат өкілдері соттың алғашқы отырысын бөлек бөлмеден бақылады. Бүгін – тыңдалымның екінші күні.

Айта кетсек, 40-тан астам айыпталушы Қаңтар оқиғасындағы түрлі қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталған. Соның ішінде «Дикий Арман» лақап атымен танымал Жұмагелдиев былтыр қаңтарда-ақ қолға түскен болатын. Ал кәсіпкер Қайрат Құдайберген «қылмыс әлемінің серкесімен бірлесіп жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген күдікке ілініп, өткен жылдың сәуірінде қамалды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир