Қазақстанда көмір бір жылда 11 пайыз қымбаттаған

Almaty.tv
Almaty.tv
Елде 1 тонна көмірдің бөлшек саудадағы орташа бағасы 15 мың теңге
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда көмір бір жылда 11 пайыз қымбаттаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елде 1 тонна көмірдің бөлшек саудадағы орташа бағасы 15 мың теңге. Былтыр 13 мың теңгенің айналасында еді. Өңірлер бойынша ең қымбат қатты отын Тараз, Орал мен Жезқазғанда сатылып жатыр.  Орта құны тоннасына 16 мың теңгеден асып, Алматы мен Талдықорған да көш басына шыққан. Жалпы, көмірдің қымбаттауына аймақтардың өндіріс орнына алыс-жақындығы, тауарды тасымалдау мен сату құны әсер етіп отыр. Ал разрездердегі қатты отынның құны сол қалпы. Сол себепті де министрлік таскөмір бағасы өспегенін мәлімдеді.

Биылғы қаңтар мен тамыз аралығында 70,6 млн тонна көмір өндірілген. Көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда біршама көп. Сәйкесінше, Қазақстаннан сыртқа шығарылатын қатты отынның көлемі де артып отыр. Нақтырақ айтсақ, экспорт 16,3 пайыз өсті. Демек, өндірілетін 70,6 млн тонна көмірдің 20,9 млн тоннасы шет елге тасымалданады.

Шетел демекші, жаһанда да жағдай оң емес. Көмір тұтыну биыл әлем бойынша рекордтық деңгейге жетуі мүмкін. Халықаралық энергетика агенттігі Еуропа елдеріне көмір импортын көбейту керегін айтты. Өйткені, мұнай нарығында жағдай құбылмалы.  

Энергетика қазір жалпы жаһанның ортақ мәселесі болып отыр.  Күні кеше Қытай Еуропа мемлекеттеріне газ тасымалдауды тоқтататынын мәлімдеді. Көршілес елдің бұл шешімі Еуропадағы энергетикалық дағдарысты тіпті шиеленістіруі мүмкін. Қазір Қытай бұл мемлекеттердің импортын 7 пайыз қанағаттандырып отыр. Ал қытайлық газдың басты тұтынушысы - Ресей.

Солтүстіктегі көршіміздің экономикалық ахуалы тікелей әскери операция негізінде салынған санкциялардың көрінісі екені мәлім. Қазірдің өзі Ресей рублі құнсызданған қалпынан аса өзгере қоймады. Бүгінгі валюта бағамында орташа есеппен рубль 7,45 теңгеге саудаланып жатыр. Ал АҚШ доллары 478 теңге.

Новости партнеров