Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы жүк тасымалдау көлемі 5 есе ұлғаюы мүмкін. Қазақстан Еуразияның транзиттік хабы ретінде өз рөлін күшейтуге ниетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуінде аталған сала шын мәнінде аймақтың қарқынды дамуы үшін тірек бағыты бола алатынын жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сондай-ақ Президент бауырлас мемлекеттермен бірлесіп, өңір ішіндегі сауда-саттыққа кедергі келтіретін осал тұстарды реттеу үшін көлік және логистика инфрақұрылымын дамыту жұмысын жалғастыру өте маңызды екенін атап өтті.
– Қазақстан жақын серіктестерімен экономикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал ететін бірқатар ірі жобаны жедел жүзеге асыруды көздейді. Бұл жерде «Достық – Мойынты», «Бақты – Аягөз», «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол жобалары, сондай-ақ «Жаңаөзен – Түркіменстан шекарасы» автомобиль жолы туралы сөз болып отыр. Қазақстан Еуразияның транзиттік хабы ретінде өз рөлін күшейтуге ниетті, – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Тәжікстанға жұмыс сапарымен барды