|
18.03.2020 | 18:45
1332

Карантиндік режим де мұнай өндірісіне өз әсерін тигізуде

Ірі және орта бизнес өкілдеріне төтенше жағдай кезінде салықтық жеңілдік енгізу – мұнай өндіруші компанияларға үлкен қолдау

Карантиндік режим де мұнай өндірісіне өз әсерін тигізуде inbusiness.kz

Ірі және орта бизнес өкілдеріне төтенше жағдай кезінде салықтық жеңілдік  енгізу – мұнай өндіруші компанияларға үлкен қолдау. Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде Энергетика министрінің орынбасары Әсет Мағауов осылай деді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Коронавирус әлемде көптеген салалардың дамуын тежеп жатқаны белгілі. Дерттің дендеуіне байланысты Қытайдың мұнайға деген сұранысты азайтты. Алып мемлекеттерде енгізілген карантиндік режим де мұнай өндірісіне өз әсерін тигізуде. Брифингке қатысқан мамандар қара алтын бағасының жақын арада оңалуы екіталай дейді. Ал, біздің елімізде мұнай өндірушілерді қолдауға арналған барлық жағдай жасалған. Әзірге қара алтын нарығындағы компаниялар бұрынғы режимде жұмыс істеп тұр. Жұмыс орындарын сақтап қалу үшін барынша шаралар қабылданып жатыр.

«Объективті түрде қарайтын болсақ, жұмыс орнын қысқарту және қаржылай үнемдеу өндіруші компаниялар және оның бас мердігерлерінде болмайды. Ол тікелей қызмет көрсету компанияларында болады. Мұнай-газ өндірісіне қызмет көрсету саласында 2 мыңнан астам кәсіпорын бар. Шамамен 200 мыңға жуық қазақстандық жұмыспен қамтылған. Өте үлкен экономикалық сала», – деді Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағының төралқа төрағасы Рашид ЖАҚСЫЛЫҚОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир