|
10.07.2019 | 20:13
4257

Бақытжан Сағынтаев Алматы кәсіпкерлерімен кездесті

Кездесу барысында шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту мәселелері көтерілді

Бақытжан Сағынтаев Алматы кәсіпкерлерімен кездесті zakon.kz

Бүгін Алматы қаласының әкімі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен жалпы қала кәсіпкерлерін қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кездесу барысында шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, нарықты жаңарту, туристік әлеуетті тиімді пайдалану, Алматы қаласының географиялық ақпараттық картасын жетілдіру және IT-индустрияны дамыту мен цифрландыру жөнінде сөз қозғалды.

«Алматы – бизнес пен жеке капитал қаласы. Мемлекеттің экономикаға қатысу үлесі 2,4%-дан аспайды, ал шағын және орта бизнестің үлесі 39 пайызды құрайды. Қалада кәсіпкерлерді қолдау мақсатында әртүрлі бағдарламалар тиімді жүзеге асып келеді. Әрі кәсібін дөңгелетемін деген адамға еш кедергі жоқ. Бизнесті қолдау бағытындағы жұмыстар ары қарай жалғасады», – деді, қала әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир