ТЖ: Еліміздегі туристік компанияларға қандай көмек көрсетілмек

© Sputnik / Владислав Воднев
© Sputnik / Владислав Воднев
Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Коронавирус пандемиясына байланысты экономикалық соққыны ерекше сезінген туристік компанияларға қандай көмек көрсетілмек? Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

Оның сөзінше, шағын және орта бизнес өкілдері бірінші қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатылады. Бұдан бөлек, «Бизнестің Жол Картасы - 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында экономиканың барлық саласы үшін көмек-қаржы беріледі.

«Саладағы осы секілді түйткілді мәселелерді оңтайлы шешу үшін біз турагенттік өкілдерімен бірге заңнамалық бағыттағы жұмыстарды да белсенді жүргізіп келеміз. Сондықтан министрлік бүгінде турагенттіктермен төтенше жағдайдан кейінгі кезеңді ішкі туризмді дамытуға екпін салу мәселелерін пысықтап отыр. Қазіргі қиындықтың өзін туристік салада ммүкіндік деп қарастыруға шақырамыз. Жаңа жобалар дайындап, еліміздің көрікті жерлерін қамтитын туристік пакеттерді дайындауға толық мүмкіншілігі бар екенін айтамыз», – деді  ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА.

Ал «Туристік қызмет туралы» Заңның 17-бабына сәйкес туристердің қаражатын туроператорлар iс жүзiнде шығарған шығындарын шегере отырып қайтарады. Немесе өз тарапынан туындаған жағдайдан шығудың түрлі жолдарын ұсынады. Олардың арасында демалыс күндерін ауыстыру мүмкіндігі бар. Яғни, сапарды басқа мерзімге де қалдыруға болады. Министр екі тараптың арасындағы мәселені осыған ұқсас жолдармен шешуге болатынын айтып берді. Бұдан бөлек, Ақтоты Райымқұлова еліміздегі мәдениет ұйымдары өз күшімен барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып, 15 мыңнан астам көп рет қолданылатын бетперде тіккен. Акцияға қосылған өңірлік мәдениет ұйымдары болса 20 мыңнан астам маска жасапты. Бетперделердің барлығы ауруханаларға берілген.

Новости партнеров