Алматыдағы Инвесторларды қорғау кеңсесіне 20-ға жуық шетелдік кәсіпкер жүгінген

Алматыдағы Инвесторларды қорғау кеңсесіне 20-ға жуық шетелдік кәсіпкер жүгінген
Алматыда инвесторларды қорғау жөніндегі жаңа жоба өткен жылы іске қосылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда француздық инвесторлардың мүддесі қорғалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кәсіпорын мемлекеттік органға уақытылы тіркелмегендіктен, жаңа сүт өнімдерін сатуды бастай алмаған. Бизнесмендердің пікірінше, оларға рұқсат беруден негізсіз бас тартқан. Компания Бизнесті және инвесторларды қорғау жөніндегі жобалық кеңсеге хабарласқаннан кейін бұл мәселе тез арада шешімін тапты.  

«Біз бизнесті және инвестицияны қорғау жөніндегі жобалық кеңсеге бардық. Олар бізге құқықтық қолдау көрсетті және мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті белгіленген мерзімде алуға көмектесті. Мұның барлығы бизнесімізді, өнім желісін кеңейтіп жақсы сатылым жасау үшін қажет болды», – деді кәсіпорындағы денсаулық сақтау жөніндегі менеджер Жанетта ОЗДОЕВА.

Алматыда инвесторларды қорғау жөніндегі жаңа жоба өткен жылы іске қосылған. Қазір мамандар 20-ға жуық кәсіпкермен келісімге келіп, оларға тегін көмек көрсетуде.  

«Бізбен шағын, орташа, үлкен бизнесі бар инвесторлар келісімге келе алады. Одан кейін біз олардың компаниясын немесе фирмасын өз қорғауымызға аламыз. Құқықтық кеңес береміз. Жалпы, барлық бағыт бойынша қолдап отырамыз», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы Елнар ИГІЛІКОВ.  

Новости партнеров