COVID-19 елдегі ішкі туризмнің дамуына қаншалықты әсер ете алады

Almaty.tv
Almaty.tv
Елдегі, тіпті әлемдегі жағдай экономиканың барлық саласына әсер етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматыда тағы бірнеше кәсіпорын жұмыстарын қайта бастауға рұқсат алды. Алайда мекеме санитарлық талапты қатаң сақтағанда ғана іске кірісе алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тур операторлар, ұялы байланыстың абоненттік бөлімшелері, екінші деңгейлі банктер және қаржы секторының басқа да ұйымдарының қызметінен шектеулер алынып тасталды. Қызметі жанданған кейбір мекемелер жаңа бағытта жұмыс істемекші екен. Оған не себеп?

Қызметін жандандыратын кәсіпорын мына алгоритммен жұміс істеу керек. Алдымен қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын мұқият оқуы қажет. Кейін әлеуметтік қашықтық, ғимараттағы санитарлық режимнің сақталуы және ережеге сай нысанды дайындау міндетті. Елдегі, тіпті әлемдегі жағдай экономиканың барлық саласына әсер етті. Сондықтан кейбірі қызметін түрлендіріп, жаңа бағытта еңбек етпек.    

Туристік компания ұжымы мына ғимаратты тазалап, дайындалып жатыр. Екі ай үзілістен кейін күні ертең мамандар қыдыруды жаны сүйетін адамдарды дәл осы жерде қабылдамақ. Енді осындағы қызметкерлердің сөзінше ішкі туризмге көбірек көңіл бөлінбек.  

«Біздің турагенттік  ішкі туризм саласын қарастырып жатыр. Қазақстанда табиғатының әдемі екені бәрімізге белгілі. Мәселен, Алматының қасындағы Көлсай көлдеріне де баруға болады.  Алакөл, Бұқтырма, Бурабай  сияқты көз тартар жерлерге апаруды қарастырып жатырмыз», – деді туристік компания қызметкері Назгүл БОЛАТОВА.

Туристік компания өкілі ішкі туризмнің карантинге дейін де сұраныста болғанын айтты. Алайда осыдан кейін тіпті дамуы мүмкін. Өйткені жаз сайын барып демалатын шет елдер қазір ашыла қоймайды. Тұтынушылар осы уақытқа дейін алған билеттерін кейінге шегеріп жатыр екен. Ал, турдан бас тартқандар жоқтың қасы. Енді мамандар елдегі демалыс орындарын азаматтарға ұсынбақ. Бұл тек бір саланың өзгерісі. Түрлі кәсіп иелері жағдайға қарай жұмыстарын жүргізетін болады, дейді туроператорлар. 4-кезең бойынша қалада 34 мыңнан астам адам жұмысқа кіріспек.    

«Осы уақытқа дейін қаржы секторының 50 пайыз қызметкері жұмыс істесе, бүгіннен бастап 100 пайыз жұмысқа шығуға рұқсат етілді. Әр сала бойынша нұсқаулық ұсынылды. Сол арқылы жұмыстарын бастаса болады. Арнайы сайтқа кіріп, талаптарға сай екендігін көрсетсе жеткілікті», – деді   қалалық Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы басшысының орынбасары Қанат САҒЫНДЫҚОВ.

Еске салайық, 25 мамырдан бастап Алматы қаласында қонақ үй кешендерін, қоғамдық тамақтандыру нысандары және тағы басқа кәсіпорындарды кезең-кезеңмен ашу мәселесі қарастырылуда. Бұл қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты мүмкін болады.

Өмір Әнуарбек Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров