Бейруттағы жарылыстан кейін мұнай бағасы қымбаттай бастады. Сарапшылар мұның әсері қара алтын тасымалына айтарлықтай кедергі келтіретінін айтады. Жарылыстан кейін WTI маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 1,56 пайызға көтеріліп, 41 доллар 65 тиынды құрады, тіпті сауда-саттық кезінде 42 доллардан асқан. Бұл жалпы мұнай нарығына қаншалықты әсер етеді? Almaty.tv эфирінде экономист Мақсат Халықтың пікірін білген едік.
Мақсат Халық, экономист, сарапшы:
– Ливан, Бейрут портындағы орын алған жарылыстан кейін әлемде мұнай нарығындағы бағалардың өсімі байқалады. Брент маркалы мұнай бағасының қазан айындағы бюджеттік келісімдері 0 да 68%-ға өсіп отыр. WTI маркалы мұнай бағасының қыркүйек айындағы келісімдері 1 де 68 %-ға өсіммен жасалынып жатыр. Енді бұған негізгі себеп Бейрут порты сол өңірдегі ең үлкен порттардың бірі болып табылады. Және де әлем нарығына мұнайды тасымалдаумен жеткізуде орын алу мүмкін кедергілер болып отыр. Бірақ бұл процесс уақытша дегенді айтқым келеді. Себебі бағалардың өсімі қуатты болуы үшін мұнай нарығында тапшылық орын алуы керек. Қазіргі таңда мұнай нарығында керісінше артықшылық бар. Және де APEK + келісімі негізінде мұнайлы елдер мұнай өндіру көлемін қысқартамыз деп шешім қабылдаған болатын. Cондықтан бұл жағдайды уақытша процесс деп айтқым келеді.